Бұл туралы Владимир Путин халыққа үндеуінде мәлімдеді. Әскери қызметке запаста тұрған және қарулы күштерде борышын өтеген тұлғалармен бірге белгілі мамандық иелері шақырылмақ. Ресей басшысы шара Украина тарапы Донбастағы ахуалды бейбіт келіссөзбен шешуден бас тартқан соң қабылданғанын айтты. Өзін-өзі жариялаған Луганск пен Донецк республикалары мен Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу туралы референдумды қыркүйектің 23-і мен 27-сі аралығында өткізу жоспарланып отыр.