Алматы әуе айлағында көліктерге арналған пандус жабылды

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады. Нысанда жүргізіліп жатқан жөндеуге байланысты, әуежай әкімшілігі жолаушылардан терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы немесе вокзал алаңы арқылы өтулерін сұрайды. Жолаушылар көліктерді жабық және ашық тұрақтарда қалдыра алады.