Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қайта екпе алатындардың қатарына жатады”, – деді Цой үкімет отырысында. Ол 60 жастан асқан адамдардың, өз бетінше тест тапсырған және коронавирусқа антиденелері теріс тест нәтижесі көрсеткендердің белгіленген мерзімдерін есепке алмай ревакцинацияға жіберілетінін нақтылады. Премьер-министр Асқар Мамин вакцина салу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.