Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті

“Хабар 24” арнасының мәліметінше, понтифик тыныс алу жолының инфекциясына шалдыққан. Ватикан бұл Covid-19 дерті емес деп мәлімдеді. Католик шіркеуінің басшысы ауруханада бірнеше күн емделеді. Ватикан осы аптада жоспарланған барлық іс-шара мен кездесуді кейінге шегерді. 86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп. Екі жыл бұрын оның асқазанына операция жасалған.