СҚО-да қызметтік көлікке оқ атылған

Оқиға өткен демалыс күндері «Челябі – Новосібір» тас жолының 635 шақырымы, яғни Чистое ауылы маңында болған, деп хабарлайды Хабар 24. Қызметтік көлікке оқ ату фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Accent маркалы жеңіл көліктің терезелері, шамдары және бампері сынған. Полицейлер бұл автомашинаға батырмалы мылтықпен бірнеше мәрте оқ жаудырғанын растады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал зақымданған көлік білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне тиесілі. 25 жастағы оның жүргізушінің темір тұлпарды заңсыз мініп кеткендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.