Самара – Шымкент тас жолында көлік апатынан алты адам көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға 30 шілде күні сағат 23.30-да Самара – Шымкент тасжолында болды. Бұл – Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы болды. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA Largus маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар «Хонда-Фит» автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ «Хонда-Фит» автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды.