SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшақ шұғыл қонды

SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшақ шұғыл қонды. Ол “Нұрсұлтан-Алматы” рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалған. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтың қонуы штаттық режимде өткен. Ұшақ бүлінбеген. Әуе кемесі диагностикадан өткізіліп жатыр.