«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды

«Семей орманы» табиғи резерватының үш басшысы 10 жылдан жаза арқалады. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, кәсіпкерлерден 700 мың теңгеден 13 млн теңгеге дейін пара алып келген. Сондай-ақ резерваттың басшылары лауазымды тұлғаларға орман аумағында ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны және жалпы “қамқорлығы” үшін заңсыз сыйақы берген. Аталған іске қатысты 5 пара беруші 1 жарым жылдан 3 жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімін 29 мамыр күні Абай ауданы бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жариялады. Енді сотталғандар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқара алмайды.