Сенат Елбасымен бірге мәселелерді мақұлдаудан бас тартты

Сенат отырысында сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды. Бұл норма “Тұңғыш Президент – Елбасы туралы” конституциялық заңда жазылған. Депутаттар бұдан бөлек, “Қауіпсіздік кеңесі туралы” және “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” заңдарға Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығынан айыру көзделген норманы енгізуді мақұлдады. Сенаторлар осындай түзетулері бар заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарап, қабылданған жағдайда заң жобасы президенттің қол қоюына жіберіледі.