Депуттатардың айтуынша, бұған басты себеп Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің азық-түлік бағасының өсуіне жол беруі, деп хабарлайды Stan.kz. “Биыл есеп комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша бюджет қаражатының триллион теңгегесі тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Құрметті аудиторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері! Келесі жолы мұндай әрекет үшін жәй ғана түрмеге қамап ғана қоймай, қолын кесу секілді жаза қолдану қажет”,- деді Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев. Депуттар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты да біраз тартысты. Оларға әсіресе жергілікті көкөніс, ет пен нан секілді өнімдердің бағасының тым өсіп кеткені түсініксіз. Шенеуніктер бұл мәселеге жаһандық инфляцияны кінәләді.