Академик Серік Қирабаев дүниеден озды

Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев ағайымыз дүниеден озды”, – деп жазды Дүйсенғазы. Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында туған. Қирабаев әр жылдары түрлі газет-журналдарда басшылық қызмет атқарды. Академиктің 800-ден астам әдеби-ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді. Серік Қирабаев Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.