Tesla ақауларға байланысты автопилот сынағын кейінге қалдырды

Бұл туралы Tesla және SpaceX бас директоры Илон Маск Twitter-парақшасында жазды. Компания ақауға байланысты, Full Self Driving (FSD) көлік құралын басқару бағдарламасының 10.3 жаңа нұсқасын қайтарып алуға мәжбүр болды. Айта кетейік, бұл нұсқасының бета-тестілеуі 14 қазанда басталған. Оған қауіпсіздік рейтингі, компания бағалауы бойынша, 99-дан 100-ге дейінгі жүргізушілер қатыса алады. FSD тестілеуіне қатысушылар автопилоттың кейбір пайдалы функциялары, круиздік бақылау проблемалары, фронталь соққылар туралы жалған ескертулер және кездейсоқ қателер туралы хабарлаған.