ШҚО-да Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қамауға алынды

Ол лауазымын асыра пайдаланып, 65,5 миллион теңгенің мемлекет қазынасына түсуіне кедергі болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни 2021-2022 жылдары өлкедегі кен тасымалымен айналысатын кәсіпорынның заңсыздықтарына көз жұма қараған. Аталмыш мекеме техникасы шамадан тыс жүк тасымалдап, шектеуерді елеп-ескермеген. Ал негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі тиіс еді. Қазір ұсталған басшының үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.