Талдықорғанда күтуші 3 жасар ұлды ұрды – бала көз жұмды

Талдықорған қаласында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікпен жас қыз ұсталды. Жергілікті блогер таратқан ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған ұлдың анасы бірнеше баласын күтушіге қалдырып жүрген. Соңғы рет бір баласын есінен танып қалған күйінде алып кеткен, денесі көгерген. Оны шұғыл ауруханаға жеткізген. Бірақ бала көз жұмды. Жетісу облыстық полициясы осы ақпаратты растады. Талдықорған қаласындағы ауруханада 3 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер дене жарақаттарын анықтады, оны бастан ұрған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол балаға қарап жүрген. Қазіргі кезде жас қыз қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.