ШҚО-да қыз зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады

ШҚО-да қыз зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады. Олар әділ сотты талап етіп отыр. “Неге сарапшылардың қорытындысы ескерілмейді? Қорытындыда зорлық-зомбылықтың ізі жоқ екені көрсетілген. Менің ұлым осы жағдайдың құрбаны болды. Ол өзі зардап шеккен адамның қатарында”, – дейді сотталушының әкесі Мұрат Хасенов видеоүндеуде. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, үкім осы жылдың көктемінде шығарылған. Үкім апелляцияға жіберілгенмен, өзгеріссіз қалдырылған. Айта кетейік, Семейдегі №2 соттың 29 мамырдағы үкімімен Н. Хасенов пен Е.Хасенов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған зорлау қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.