Джо Байден тікелей эфирде коронавирустан екпе салғызды

Джо Байден тікелей эфирде коронавирустан екпе салғызды. Вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Байден америкалықтарға вакцинаның қауіпсіз екенін айтты. Ол вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын жеткізді. Джонс Хопкинс университетінің 22 желтоқсандағы мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты. 319 190 науқас қайтыс болған.