“Арселор Миттал Теміртау” шахталарының бірінде болған апатқа қатысты «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке қарай осы уақытта келіп түскен ақпаратқа сәйкес 5 жұмысшы қаза тапқан. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер метаннан улану диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілген. Сондай-ақ екі жұмысшыда түрлі дене жарақаттары бары анықталды. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда жарақат алған кеншілер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты. Сондай-ақ алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды.