Президент Шахтинскідегі кеніште қаза тапқан шахтерлердің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “АрселорМиттал Теміртау” АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды Ақорда. “Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым”, – деп жазылған жеделхатта.