Шетелде сотталған 280 қазақстандық жазасын өз елімізде өтеуі мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Конвенцияның негізгі мақсаты – әр азаматқа өз жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеуге мүмкіндік беру. Ол үшін сотталушы немесе оның заңды өкілі өтініш беру керек. Сол бойынша елдің Бас прокуратурасы сұрау салады, – деді Ерлан Тұрғымбаев. Жазасын өтеушіні қабылдайтын мемлекет белгіленген жазадан қатаң емес жаза тағайындайды. Жазасын өтеуші шешім қабылдаған соң, 45 күнде өз бетінше елден шығуы тиіс.