Шетелден елге келгендер карантинде болады

Оларға зертханалық тексеріс жүргізіледі. Ол үшін екі күн қажет. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осындай жаңа қаулы қабылдады деп хабарлайды Sputnik.

Егер шетелден ұшып келгендердің теріс ПТР талдауы туралы анықтамасы болса, карантинге жатқзылмайды. Қоса кетсек, бұл анықтама тек 5 күнге жарамды. Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстаннан автомобиль өткелдері, теміржол және басқа жолдармен келгендер анкета толтырады. ПТР сынақтан өту үшін олардан анализ алынады.

Тексеру кезінде жолаушыдан коронавирус анықталса, ол дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Қаулыда мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және басқа ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, қашықтықты сақтауды жалғастыруы тиіс делінген.

“Штат саны 30 адамнан асса, қызметкерлердің кем дегенде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады” деп жазылған құжатта. Егер COVID-19 жұқтыру деңгейі апта ішінде бес проценттен аспаса, онда қызметкерлердің кем дегенде 50% -іне қашықтан жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.