Бұл туралы салық көдекісіне өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасында қарастырылған. Құжат бүгін мәжілісте талқыланды. Егер заң жобасы қабылданса, елдегі екінші деңгейлі банктер шетелдік интернет-компанияларға Қазақстан азаматтары қанша қаржы аударғаны туралы кірістер комитетіне ақпарат беруге тиіс болады. Сол арқылы салық есептеледі. Қазір мемлекеттік орган интернет дүкендерге Қазақстанда тіркелу қажеттігін ескертіп, өз талаптарын қойып жатыр. Мойынсұнбағандарға әкімшілік айып салынады.