Штаттық түрде 157 мыңнан астам оқушы білім алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық мәселелері туралы баяндады.

Біріншіден, шалғайдағы елді мекендерде шағын жинақталған мектепте эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сыныптары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Бұл жағдайда балалар тек бір кабинетте және бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Ал сыныптағы балалардың саны 15 адамнан аспайды. Кезекші топтарға өтініштер электронды түрде қабылданады.

“Сонымен, алдын ала болжам бойынша интернет платформалар мен теледидар пайдалана отырып, қашықтын оқыту форматында 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде”, – деді Аймағамбетов.