Швецияда екпе сертификаты бар чиптер теріге енгізіліп жатыр

Швецияда чип түріндегі ковид-төлқұжаттар адамның терісіне енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24. Сөйтіп оны кез келген уақытта сканерлеп, вакциналау туралы ақпарат алуға болады. Құрылғыны қолына 6 мыңға жуық адам салдырып үлгерген екен. Оны тек ковид төлқұжат қана емес спорттық залға абонемент не көлік картасы ретінде қолдануға болады. Өндірушілер чипті теріге енгізу қауіпсіз екенін айтады. Қажет болса, оны кез келген уақытта алып тастауға болады.