Шығыс Қазақстандағы Аягөз, Жарма және Бесқарағай аудандарында карантиндік шара күшейтілді.
Өйткені ол аймақтарда жұқпалы инфекцияның таралуы белең алып отыр. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Қазір өңірде қауіпті індетке шалдыққандар саны 2300-ден асты. Мыңнан аса науқас дертті жеңіп шықты. Мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, ауруханалар толықтай дәрі дәрмектеп қамтылған. Дәріханаларға да қажетті препараттар жеткізілген.
Ауруханада төсек орын саны да көбейтіліп жатыр. Аймақ басшысы тұрғындарға ең басты керек шара – барынша оқшаулану екендігін ескертіп, карантиндік талаптарға түсіністікпен қарауға шақырды.