Ол жұртты тұрғын үй, көлік алуға көмектесемін деп алдаған. “Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгеге тең тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады”, – делінген хабарламада. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асады. Сот үкімі бойынша, ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған.