Шымкентте әйелді порнографиялық бейнероликтермен бопсалаған полицейлер анықталды

Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелген екен. Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушылар бопсалау арқылы жәбірленушіден 300 000 теңге пара алған. Кінәлілерге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енді.