Шымкентте көлікте газ баллоны жарылды

Қаладағы шіліңгір ыстықтан осындай оқыс оқиға тіркелді. Соның салдарынан 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың төртеуі бала. Дәрігерлер бәріне алғашқы жәрдем көрсетіп, үйіне қайтарды. Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, күн сәулесінен көліктің жүк салғышы қызып кеткен. Қазір мегаполисте термометр көрсеткіші 45 градустан асып тұр.