Шымкенттік теміржолшылар ереуілге шықты

Шымкенттік теміржолшылар ереуілге шықты. Жұмысшылар 120 мың теңгелік жалақы ешнәрсеге жетпейді. Басшылықтан жалақымызды екі есе көтеруді талап етеміз дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. “Басшылық тарапы бізге ыңғайлы жұмыс жағдайын жасауы керек. Әр маусым сайын жаңа қызметтік киім берілуі тиіс, ал біз жылына тек бір рет қана аламыз. Өзіміз сатып алуымызға тура келеді. Шымкентте ең аз жалақы бізде ғана”, – дейді теміржол қызметкерлері. Жұмысшылардың жанайқайын тыңдаған ұйым өкілі бұл мәселе қарастырылып жатыр деп сендірді. “Бүгінгі мәселенің шешімін таптық. Басшылыққа міндетті түрде жеткіземіз. Қызметкерлемен жұмыс жасамағандарды жазалу туралы қарастырамыз. Алдағы уақытта оның нәтижесі туралы хабардар етеміз”, – деді Шымкент қалалық ҚТЖ АҚ магистральді желісінің директоры Қайырбай Орынбаев.