Өскеменде жетім балаларға арналған үйлерде әкімдік қызметкерлері заңсыз қоныстанған

Өскеменде жетім балаларға арналған үйлерде әкімдік қызметкерлері заңсыз қоныстанған. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бұған дейін де баспанаға қатысты алаяқтық туралы бірнеше рет шағымданған деп хабарлайды “Еуразия” бірінші арнасы. Мұндай заңсыздықты арнайы комиссияның құрамына енген белсенділер анықтаған. Нәтижесінде жетім балаларға арналған 15 пәтердің жарты жылдан астам уақыт бойы бос тұрғаны белгілі болды. Оның кейбірі үшінші тұлғаларға жалға берілсе, тағы екеуі “қағаз жүзінде” балалар үйіндегі кәмелетке толмаған балаларға “үлестірілген”. Бірақ іс жүзінде басқа адамдар тұрған.