Әскери бөлімшедегі жарылысты тексеру мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлері, саперлар бригадасы мен кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін және оқиғаның салдарын жою үшін 800-ден астам полиция мен ұлттық ұлан сарбаздары, 113 арнайы техника жұмылдырылды.