Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы оқушы қызды зорлап тастады

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға облыстың полиция департаменті хабарлады. Текелі қалалық полиция бөліміне Ескелді ауданының 36 жастағы тұрғынынан 14 жастағы қызы зорланғаны туралы арыз түсті. “Жедел іздестіру шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жаста. Олар Текелі қаласының тұрғындары болып шықты”, – делінген хабарламада. Қазір Зорлау бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды.