Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әйелін мылтықпен атып, өлтірген

Артынша немересіне де оқ атқан. Бүгінде 14 жастағы қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қанды қылмысқа қатысты тың ақпаратты “Астана” телеарнасы назарға ұсынды. Қанды оқиға Тимиряз ауданында, мамырдың оны күні болған. Көршілердің айтуынша, бұған дейін ерлі-зайыптылар өзара ұрысып қалған. 58 жастағы әйел қызының үйіне кетіп қалған.  Ер адам әйелін артынан қуып келіп, әйелін атып тастаған, Ауыр жарақат алған әйелі оқиға орнында қайтыс болды. Онан кейін атасы немересін де атқан. 14 жастағы қыз жансақтау бөлімінде.