Сотта айыпталушы Бишімбаевтың телефоны қаралып жатыр

Судья бейнефайлдарды бірінші өзі қарап шықты. Видео кадрларынан марқұм Салтанат Нүкенованы көруге болады, және оны балағаттап, сұрақтар қойған Бишімбаевтың даусы да естіледі. Айыпталушының өзі видеоларды “бұл монтаж” деп атады. Ол тіпті “телефонын бұзып, осыларды жүктеп қойған” деген болжамын айтты.