Сотталушы Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтты

Ол Салтанаттың денесін жасыру ойына келмегенін атап өтті. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Байжанов бәрін саналы түрде жасағанын айтқан еді. «Байжанов ресторонды жапқан, ол жердегі видеоларды өшірген және де Нүкенованың телефонын алып жүрген. Онымен қоса, ол нашатырь сатып алған және таныс дәрігерге хабарласқан. Байжанов мұның бәрін біліп істеді, не істеп жатқанын жақсы түсінді», – деді прокурор.