Жетісуда прокурорлар кәсіпкерлерге тиесілі 80 млннан астам теңге қайтарды

Прокурорлар 50-ден аса кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалары кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс. Алайда, жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін уақтылы орындағанымен, 80 млн теңге көлемінде тиісті соманы қайтармаған. Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылып, заң бұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.