Су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық адам эвакуацияланды

Елімізде су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның тең жартысы уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілді. Қалғандары туысқандарының үйінде. 130 үй мен 2 әлеуметтік нысан аумағынан 780 мың текше метр қар суы шығарылды. 26 мың қап инертті материал көмегімен мұзды еріту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық Ұлан және ішкі істер министрлігінен 750 бірлік техника мен 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы су тасқыны салдарын жою орталығы мамандары хабарлады.