Светлана Тихановскаяға Ресей аумағында іздеу жарияланды

Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан Светлана Тихановскаяға Ресей аумағында іздеу жарияланды. Ресей ішкі істер министрлігінің дерекқорында жарияланған мәлімет бойынша, Тихановская қылмыстық кодекс бабы бойынша іздеуде жүр. Бірақ нақты қай бабы екені көрсетілмеген.

Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша Александр Лукашенко жеңіске жеткен. Тихановскаяның сайлау штабы сайлау қорытындысын мойындамады. Ол билік қысымымен елден кетуге мәжбүр болған. Қазір Литвада тұрып жатыр.

Беларусьте әділ сайлауды талап еткен наразылық акцияларының өтіп жатқанына шамамен екі ай болды. Наразылар бейбіт шеруге шыққандарды қудаламауды да талап етеді.