Шетке кеткен ақшаның есебі бар. Заңсыз жолмен шықса, міндетті түрде елге қайтарылады. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев осыған сенімді. Тіпті «көп ұзамай 147 млрд долларға жуық қаражат Қазақстанға қайтарылады» деп мәлімдеді. Президент пәрменімен жұмыс тобы құрылып, іске кіріскен. Тек әзірге қап-қап ақшаны өзге елге алып өткендердің арасында бұрынғы Президенттің туыстары бар ма, жоқ па? Ол жағы белгісіз. Бір анығы, Қазақстаннан шыққан ақша, шикілігі болса, міндетті түрде қайтарылады.