Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаға тартылады

Сонымен қатар Мәжілісте қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты заң жобасы да қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Ол үшін Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және «Жарнама туралы» заңға түзетулер енеді. Ондағы мақсат – алаяқтыққа тұсау салу.