Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай беріледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейтінін айтты. Қоса кетсек, қаражаттың мақсатты жұмсалуын “Отбасы банкі” қамтамасыз етеді. Еске салайық, 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.