Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай беріледі?

Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай беріледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейтінін айтты. Қоса кетсек, қаражаттың мақсатты жұмсалуын “Отбасы банкі” қамтамасыз етеді. Еске салайық, 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.