Мамин: Дәрі-дәрмектер тапшылығы болмайды

Мамин: Дәрі-дәрмектер тапшылығы болмайды. Премьер-министр арнайы қор құрылғанын айтты. Ол елде коронавирустың жаңа толқыны болса, жеке қорғаныс құралдары жеткілікті болады деп сендірді. Асқар Маминның айтуынша, тамыз айынан бастап тұрғындар вирустық инфекцияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.