Түрік үкіметі жаңа жылға 4 күндік коменданттық сағат енгізді

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Жаңа ереже желтоқсанның 31 күні сағат 21:00-ден күшіне еніп, қаңтардың 4-і күні таңғы 05:00-де аяқталады. Екі апта бұрын, Түркия дүйсенбіден жұмаға дейін коменданттық сағат, демалыс күндеріне толық локдаун жариялаған еді. Сондай-ақ тамақтану орындарының жұмысын курьерлік және өзіңмен алып кету қызметі арқылы бастаған. Сауда орталықтарына тек коронавирус инфекциясын таралуына тосқауыл қоюға арналған арнайы код арқылы кіру мүмкін. Айта кеткен жөн, соңғы тәулікте Түркияда коронавирусты 29 мыңнан астам кісі жұқтырды. 229 кісі көз жұмды. Бұл қатерлі індет басталғалы адам өлімі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.