Түркия Ауғанстандағы жағдайға байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті

Түркия Ауғанстандағы жағдайға байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті. Бұл – елге ауған босқындарының жаппай келуін болдырмас үшін қолданылған шара деп хабарлайды Reuters агенттігі. Түркия-Иран шекарасы учаскесінде 6 шақырым модульдік бетон қабырға тұрғызылған. Билік жыл соңына дейін шекара қабырғасына тағы 64 шақырым қосуды жоспарлап отыр. Бұл шекарасындағы қауіпсіздікті ондаған брондалған техника, дрондар, бейнекамералар, барлау және ұшқышсыз ұшу аппараттары қамтамасыз етеді. Патрульдік көліктер Иран жағындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған “босқындардың еуропалық қоймасына” айналғысы келмейтінін ескертті.