Түркия президенті WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартты. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның мұндай шешіміне мессенджердің құпиялылық саясатының өзгеруі себеп болған. Енді Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды BiP қосымшасына көшірмек. Еске сала кетсек, бұған дейін биылдан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататыны хабарлаған еді. Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады.