Түркияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Қазақстандық құтқарушылар оны қираған ғимараттың асытынан алып шықты. Ол – Мирболат Құрмашевтың денесі деп хабарлады ТЖМ. Еске салайық, бұған дейін бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар толығымен қираған алты қабатты ғимараттың қирандыларын тазалау кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапқан болатын.