Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Түркістан облысында Одаман асуында 5 көлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды «Хабар 24». Жолаушылар 11 сағат бойы байланыссыз болыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары жолаушыларды тауып, Тасқомырсай жылыту пунктіне жеткізген. Сондай-ақ техниканың көмегімен қарда тұрып қалған 5 көлік қауіпсіз жерлерге шығарылды. Жақын күндері аяз болуы мүмкін. Қазгидромет мәліметі бойынша, ең суық күн райы елордада және Павлодар облысында қатты сезілуі ықтимал. Түнде температура орта есеппен 20 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер Маңғыстау облысында қар жауады және екпіні секундына 25 метрге дейін қатты жел соғады деп отыр. Бірақ елдің оңтүстігінде жылы болады, Шымкентте сынап бағынасы нөлден 10 градусқа дейін көтеріледі.