Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент жолы жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол қозғалысы автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды. Түркістан облысының полицейлері елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін ескертеді және азаматтарға ұзақ жолдарға, іссапарларға шықпауға кеңес береді.