Түркістан облысында ауруханада видео түсірген хирург жұмыстан қуылды

Түркістан облысы Келес ауданының Абай атындағы ауруханасының хирургі әлеуметтік желілерде қолдануға жарамсыз медициналық қолғаптар туралы ролик жазып, көп ұзамай жұмысынан айырылды, – деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қайрат Сейуалиев есімді хирург видеода науқас пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заттардың барлығы киетін кезде жыртылып қалатынын айтқан. Дәрігердің бұл видеоның алдында ауруханаға әкімшілігіне барғаны туралы, бірақ сонда да сапалы қолғап ала алмағаны айтылады.

Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері хирургты жұмыстан босату үшін бірнеше себеп болғанын айтады. Бұл жалған мәліметтер мен пациенттерден түскен шағым дейді.

“Ауруханада қолғап мөлшерібойынша беріледі және ол оны жақсы біледі. Аға медбикеге жүгінудің орнына видео түсіріп, оны жариялады. 30 маусымда ол екінші видеоны жариялады. Сонымен қатар, Қайрат Сейдуалиев ақпан айында тәртіптік жазаға тартылды – сөгіс алды. 30 наурызда науқасқа үш сағат ішінде ешқандай көмек көрсетпегені үшін оған шағым түсті”, – деді Келес аудандық аурухананың бас дәрігері Аида Бексұлтанова.

Басылымның мәліметінше, хирург комиссия шешімімен келіспейді. Енді ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігі жұмыстан заңсыз босатып, жала жапқаны үшін Президентке хат жазбақ.