Түркістан облысында карантин қатаңдатылды

Жұма және тарауих намаздары уақытша тоқтатылды. Ауызашар, отбасылық іс-шараларға тыйым салынды. Облыстың бас санитария дәрігері Нұрбек Нышанов осылай деп мәлімдеді. Қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Жаңа қаулыға сәйкес, облыстағы барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылады. Театрларда бұған дейін көрермендердің толымдылығы 50%-ға дейін қызмет көрсетіп келсе, енді 20% толымдылықпен жұмыс істейді.